Озат студенттер оқудан шығып қалды
Озат студенттер оқудан шығып қалды
457
оқылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің 2-ку­рсында оқитын 10 сту­дент­ке тәртіп бұзды деген айып тағылып, оқудан шы­ға­рылды. Мемлекеттік грант ие­герлерінің мұндай қадамға ба­руына не себеп? Олардың өз­дерінен төмен курста оқи­тын студенттерге әлімжет­тік жасағаны рас па? Университет басшыларының сөзіне қарағанда, оқиға 30 қаңтар күні түнде болған. 2-курстың 10 студенті 1-курста оқитын бала­лар­ды 304-бөлмеге шақырып, сол жерде ұрып-соққан. Ұстаздар таңға жуық студенттердің сол бөлмеден ақсаңдап шыққанын дәліздегі бейне­камералардан байқаған. Де­генмен қос тарап та «Ешқандай тө­белес болған жоқ» деуден танбай отыр. Зардап шеккенін айтып по­ли­цияға арызданған да ешкім жоқ.
«Төбелестің болғаны туралы біз бірнеше күн балалардан сұра­дық. Ана жақта да сұрап жа­тыр. Ақырында мойындалды. Біз эти­ка­лық кеңес өткіздік. Эти­ка­лық кеңестің мүшелерімен келісіп, тәртіп бұзылған, осындай жағдай болған дегеннен кейін мен ұсыныс жасадым. Жағдай осылай ушыққан соң, бәрі бірдей оқудан шықпау үшін, тіптен араларындағы бір студент бар кінәні мойнына ал­ған. Студенттерді оқудан шыға­ру керек деген ұсынысымнан қайтпаймын. Олар университет пен жатақхананың тәртібін бұзды. Оқудан қуылған студенттердің ата-аналары шырылдап тұр. Түсі­не­мін. Ал бірақ 1-курстағы ба­ла­лардың жағдайын кім түсіне­ді? Екі жақтың балаларымен де кез­десіп, сөйлестім. Басында бәрі істі мойындаған жоқ. Кейін түсі­нік­теме жазды. Сол кезде оқи­ға­ның рас екені анықталды», – дейді ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлы.
Өздерінің жазықсыз екенін қанша айтса да, кінәлі деп табыл­ған 10 студент енді бұл уни­вер­ситеттің тәлімгері болып са­нал­майды. Олар еліміздің әр қиы­­рынан келген. Кейбіреуінің ата-анасы жағдайды ести сала Ал­матыға жеткен. Ректордың ше­шіміне қарсылық танытқан жүз­деген студент пен оқудан шы­ғып қалған студенттердің жа­қын­дары наразылық білдіруде. Олар мәселенің ақ-қарасын анық­тай­мыз деп білек сыбанып отыр. Әлімжеттік жасады деп айып­талған студенттің бәрі уни­вер­ситеттің қоғамдық өміріне белсене араласып келген. Шетінен оқу үз­діктері, өнерлі әрі бір-бір ұйым, клуб жетекшілері. «Студенттік көк­тем», «Ана тілі аруы» сынды көп­теген байқауларды ұйым­дас­ты­руға атсалысқан.
«126 балмен грантқа түскен едім. Ақтөбе облысынан осында грант ұтып алғам. Иә, түнде жи­нал­­дық. Жатақхана тәртібін бұз­дық. Бірақ ол үшін оқудан шы­ғару дұрыс па? Төбелес бол­ған жоқ. Анонимді арыздар ғана. Нақты біреудің атын атап көрсеткен арыз жоқ. Бізді жатақханадан шы­­ғармай жатып, орнымызға адам алып үлгеріпті. Осыған дейін он­шақ­ты рет түсініктеме жаздым. Мәжбүрледі. «Мойындаңдар» деді. Біреуің мойында деген әу баста. Енді оның саны көбейіп кетті. Нақ­ты кімнің кімнен таяқ жегені ту­ра­лы қағазды көрсетпей отыр», – дей­ді оқудан шығарылған Ертай Білә­лов.
Оқудан шығып қалған сту­дент­тер, олардың достары мен туыс­тары жазаның тым қатаң екенін айтып, «ескерту беріп, жа­­тақ­­ханадан шығарса да, оқуды  жал­­ғастыруға рұқсат берсе екен» дейді. Дегенмен университет бас­шы­­лығы қабылданған шешім кү­шін жоймайтынын айтуда.    width=Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ