Ақмолада суға батып кеткен журналисті екі күннен бері іздеп, таппай жатыр – видео
Ақмолада суға батып кеткен журналисті екі күннен бері іздеп, таппай жатыр – видео
Фото: видеодан скриншот
825
оқылды
Ақмола облысы Астана су қоймасы маңында орналасқан Арнасай ауылындағы демалыс орнында қыз суға батып кетті. Қайғылы оқиға туралы Atameken Business News арнасы хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, суға батып кеткен қыз – Atameken Business News ақпарат агенттігінің қызметкері. 19 шілде күні сағат 21.00 шамасында Полиция департаментіне оқыс хабар жеткен. Қыз су қоймасында гидроциклмен су бетінде серуендеп жүрген.
Айналасы қоршалған, шлагбаум арқылы рұқсатпен ғана кіруге болатын демалыс аймағында қыздың гидроциклмен жүргенін көргендер бар. Қыздың анасының айтуынша, демалыс аймағының нұсқаушысы оған көмектеспек болғанымен, қызды құтқара алмаған.
Екі күннен бері іздестіруге сүңгуірлер мен арнайы техника жұмылдырылған. Тіпті,  Павлодар облысынан су қоймасының сүңгуірлер жете алмайтын шыңырау түбін сканерлейтін құрылғы да алып келген. Құтқарушылардың айтуынша, су қоймасының тереңдігі 20-30 метрге дейін жетеді. Он метрден кейін су қоймасының түбін көру мүмкін емес. Балдыр басқан балшықтан адам денесін іздеу де қиындық келтіріп жатыр.   https://youtu.be/5gVrDhQMnkA