Нұр-Сұлтан әуежайына "қойылған" мина жалған болып шықты
Нұр-Сұлтан әуежайына "қойылған" мина жалған болып шықты
502
оқылды
Әуежайдың электронды поштасына қолдан жасалған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама жіберілген. Полиция хабарлама жалған екенін мәлімдеді. Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жазуынша, 28 шілдеде сағат 09.46-да авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - делінген жазбада.