ІІМ мен ҰҚК бірлесіп, бес өңірде 23 адамды ұстады – видео
ІІМ мен ҰҚК бірлесіп, бес өңірде 23 адамды ұстады – видео
Фото: Видеодан скриншот
4,044
оқылды
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері қылмыстық топты ұстады, – деп жазады Polisia.kz. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК 5 департаменті және Алматы ПД бірлесіп, Алматы мен Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 адамын ұстады. Бопсалауға машықтанған күдіктілер Алматы облысының Талғар ауданында ай сайын 300-500 мың АҚШ доллары мөлшерінде пайда тауып отырған. Заңсыз тау-кен фермаларын тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. https://youtu.be/yNaQWz9E4h0 36 жастағы IT маманға бопсалау арқылы тау-кен фермаларының жұмысын істетті. Заңсыз сақталған қарудың тұрған жерін анықтау кезінде топтың үш мүшесі ұсталды. Оның бірі – әскери қызметкер.  Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және Сталкер, Ретай маркалы тапаншалар алынды. Тінту нәтижесінде, жедел уәкілдер жалпы сомасы 7 миллион АҚШ долларына жуық майнинг фермалардың жұмысына арналған 6 мыңнан астам жабдықты, Макаров тапаншасын,  жалған үш автомобиль нөмірін тәркіледі.