Мұхтар Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін - БАҚ
Мұхтар Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін - БАҚ
© ult.kz
948
оқылды
Франциядағы босқындар ісі бойынша сот Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Бұл туралы EU Reporter басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қашқын миллиардер Мұхтар Әблязов жақын арада Францияда саяси босқын ретінде қалуға рұқсат беретінін немесе алаяқтық жасады деген айыппен экстрадицияланатынын біледі. Ұзаққа созылған Әблязов ісі Франциядағы босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотқа (CNDA) жетті, ол жақын арада босқын-олигарх мәртебесі туралы шешім қабылдауы тиіс", - деп жазды Брюссельдегі ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, басылым француз Paris Match журналының тергеуіне сілтеме жасап, "Әблязовке баспана беру туралы шешім Францияның саяси орталарында алаңдаушылық туғызады, өйткені елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар" делінген. Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевке қастандық жасауды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.