Петропавлда ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.
Петропавл қалалық соты әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыптыға қатысты үкім шығарды. Екеуі алдағы 5 жылын темірторда өткізеді.
Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде және YouTube арнасында Солтүстік Қазақстан облысын және Петропавлды Ресейдің құрамына беру туралы жиі жазып, елдің тұтастығын бұзуды көздеген.