Оған қоса, Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 15-20 м/с, кей жерлерде 28 м/с дейін жел күшейеді.
"Қар, боран": Қазақстанның 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
www.istockphoto.com
285
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан бойынша бүгінге дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың мәлімдеуінше, Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, Ұлытау және Абай облыстары, Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болмақ. Ал Алматы, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында қалың тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстары, Алматы облысының таулы аймақтарында көктайғақ болады.