"Жауапсыз қалмайды": Медведев өзінің даулы жазбасына қатысты пікір білдірді
"Жауапсыз қалмайды": Медведев өзінің даулы жазбасына қатысты пікір білдірді
фото: delfi.lt
3,289
оқылды
Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев "дұшпан елдер Ресейді ТМД-дағы достарымен араздастыра алмайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында айтты.   
"Медведев "РИА Новостиге" "ВКонтакте" парақшасы бұзылғанын және онда пайда болған геосаясат пен КСРО туралы жазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл - ақпараттық соғыстың көрінісі, бірақ Ресейді ТМД-дағы достарымен араздастыру мүмкін емес, кінәлілер жазасыз қалмайды. Оның айтуынша, ҰҚШҰ, ЕАС және ШЫҰ бойынша одақтастармен араздастыруға мүдделі жау елдер жеткілікті, бірақ оларға мұндай мүмкіндік бермейміз", - делінген агенттіктің Telegram-арнадағы хабарламасында.
  Бұған дейін "ВКонтакте" желісіндегі Дмитрий Медведевтің парақшасындағы геосаясатқа қатысты жазба пайда болды. Алайда ол тез арада өшірілді. Жазбада Қазақстан "жасанды мемлекет" деп сипатталып, "Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы тек Ресеймен біртұтас мемлекет ретінде біріктірілуі мүмкін" деп жазылған.
"КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайта бірге бейбітшілікте және түсіністікте болады. Киев пен Кіші Ресейдің барлық аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты әрі қуатты ел боламыз. Осыдан кейін Мәскеудің басқаруы арқылы барлық славян халқы бірігіп, Отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге келесі қадамға барамыз, біздің шекарамыз ешқашан аяқталмайды", – делінген жазбада.
Айта кетейік, Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді.