53 көлік заңсыз тіркеуден өткен
53 көлік заңсыз тіркеуден өткен
2,290
оқылды
Шымкентте көрші елдерден әкелінген автокөліктерді кедендік төлем, утильалым және мемлекеттік баж төлемей тіркеудің жолы кесілді. Қалалық Полиция депар таментінің мә ліметінше, процессинг орталығының екі қызметкері сот санкциясымен қамауға алынған. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден аса сомаға залал келтіріліпті.
«Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себеп пен жағдайды жою бойынша алдын алу шараларын іске асырып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттегі ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын елде заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы жеті облыста соңғы үш жылда екі мыңнан аса көлік заңсыз тіркеліп, 10 млрд теңгеден аса шығын келтіру дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр.