Вакциналардан өмірге қауіпті металл нанобөлшектері табылғаны рас па?
Вакциналардан өмірге қауіпті металл нанобөлшектері табылғаны рас па?
1,115
оқылды
Интернетте вакциналарда белгілі бір қауіпті нанобөлшектердің бар екенін дәлелдейтін бейнеролик тарауда. Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың ескі фейк екенін мәлімдеді. Кадрларда италиялық ғалымдар электронды микроскоптың көмегімен оларды жүздеген түрлі үлгіден тапқаны айтылады. Таралған видео 2017 жылы COVID-19 пандемиясына дейін түсірілген. Демек, онда осы ауруға қарсы емес, жалпы вакциналар туралы айтылған. Бейнероликте 2017 жылы вакциналардағы нанобөлшектерге арналған еңбектерін жариялаған зерттеушілер Стефано Монтанари мен Антониетта Гатти көрсетілген. Кейіннен, осы еңбектің негізінде олар вакцинацияның зияны туралы кітап шығарды. Олар зерттеу барысында Модена университетіне тиесілі электронды микроскопты қолданған. Бір қызығы, университет бұрын өз жабдықтарын осындай тәжірибелер үшін пайдалануға тыйым салып келген, өйткені бұл олар үшін қолайлы емес. Бұл микроскоп ең аз мөлшердегі затты көрсете алады, ал оның болуы ешқандай рөл атқармауы мүмкін. Сонымен қатар олардың зерттеу нәтижелері жарияланған журнал жалған және саяси жанжалға қатысы бар болып шықты. Бұл зерттеудің нәтижелері басқа ғылыми журналда жарияланған кезде, олар ғылыми қоғамдастықтың сынына ұшырады. Гатти мен Монтанаридің еңбегі мойындалмай, ғылымға қарсы деп танылды. Олар 2018 жылы Эстонияда шығарған кітап сатылымнан алынып тасталды. Мұның екі себебі болды: вакцинацияға қарсы қауіпті идеяларды насихаттау және жарияланымға демеушілік жасаған саясаткерлермен күмәнді байланыстар. Айта кетейік, Гатти мен Монтанариден кейін вакциналарды зерттеумен айналысатын бірде-бір беделді ғалым олардың тұжырымдарын растаған жоқ. Италиялық ғалымдардың еңбегі осы күнге дейін расталған немесе маңызды болып саналмайды. Демек, таралған видеоға сенудің қажеті жоқ.