Тоқаевтың ескертуінен кейін «Зерде» холдингі жабылды
Тоқаевтың ескертуінен кейін «Зерде» холдингі жабылды
Фото: kazpravda.kz
457
оқылды

 «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шықты. 

«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін «Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіні хабарланған болатын. 2016-2021 жылдарының ішінде холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр.