20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан ІІМ-дегі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.
Бас прокуратура Tengrinews.kz-ке Адиндо Нонсо Фортунені біздің елге экстрадициялау туралы өтініш қазір қай кезеңде екенін айтты.
«Адиндо Н.Ф. есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасағаны үшін Алматы қалалық Полиция департаментімен іздеуде болған. Ол 2022 жылғы 20 маусымда Нигерияда ұсталды. Қазір оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Нигерия ҰОБ-на жолданды», – делінген хабарламада.
Департамент Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтынын қосты.
«Басқа ақпаратты ұсыну мүмкіндігі соңғы процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін қарастырылады», – делінген ресми сауалға жіберген жауапта.
Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды.