Теміржолдағы "көлденең" табыс
Теміржолдағы "көлденең" табыс
566
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің елордадағы департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаске бастығы мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық әрекетті анықтады. Олар «Тұлпар-Тальго» пойыз басшыларынан жүйелі түрде ақша алып, әр рейсті тексермей, өткізіп отырған.
«Барлығы 27 жағдай анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – делінген хабарламада.