Еревандағы сауда орталығында жарылыс болып, 50 адам жараланды. Бір адам мерт болды. Құтқару жұмыстары жалғасуда, Armenpress агенттігі. Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жараланғандар «Армения», «Эребуни», «№ 1 университет ауруханасы», «Сурб Аствацамайр», «Шенгавит» және «Измирлян» медициналық орталықтарына жатқызылған.
«14 тамыз күні 13:23-те АР ТЖМ Дағдарыс басқармасы ұлттық орталығының құтқару қызметіне «Сурмалу» сауда үйінде жарылыс болғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына АР ТЖМ Құтқару қызметі өрт-құтқару отрядының 6 жауынгер тобы, жедел әрекет ету тобы, өрт сөндірушілер отряды, арнайы құтқарушылар отряды, құтқару қызметінің психологтары аттанды», - деп жазады Armenpress .
Күрделілігі №3 деңгейдегі өртті сөндіруге шақырту жарияланды.
4 аумақта өрт ошағы бар, олар сөндірілуде. 14 суатқыш машина, 8 жүк тиегіш көлік, 3 трактор жұмыс істеп жатыр.