Антикор ағайынды Нығматулиндер тергеліп жатқанын растады
Антикор ағайынды Нығматулиндер тергеліп жатқанын растады
© azattyq-ruhy.kz
1,827
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматулин тергеуге алынғанын растады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тelegram арналардың бірінде Нұрлан Нығматулин мен сыңары Ерлан Нығматулиннің тергеліп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне аталған ақпараттың растығын мәлім еті. Алайда аталған тұлғалардың қай күні тергеуге алынғаны, қандай мәселе бойынша тергеу орбитасына тартылғаны хабарланған жоқ.
«Басқа мәлімет жоқ, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», деп жазылған агенттік мәліметінде.
Еске салсақ, биылғы ақпан айында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізген болатын. Ал наурыз айында Н.Нығматулин сол кездегі «Nur Otan», қазіргі «AMANAT» партиясының Саяси кеңесінен шығарылды. Бұған дейін ағайынды Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндерге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.