Ақмола облысында 12 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Ақмола облысында 12 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды
533
оқылды
Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне 13 тамыз күні кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түсті.
«13 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түсті. Сол күні күдікті «ізін суытпай« ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген полиция мәліметінде.