Көгілдір отын көпшілікті қуантты
Көгілдір отын көпшілікті қуантты
564
оқылды
Көксу ауданындағы бесінші ауылға көгілдір отын жетті. Осыдан біраз бұрын ауданды аралаған облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа Мұқыры ауылының тұрғындары соңғы жылдары  әбден күттіріп сарғайтқан газ мәселесін биылдың соңына дейін шешуге ықпал етуді сұраған еді. Заманында екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов негізін қалап, атақты шаруашылықтардың бірі атанған іргелі елдімекен халқының өтінішін орындауға уәде берген облыс басшысы айтқанында тұрды. Ауылға дейін ұзындығы 30 шақырым болатын газ құбыры тартылып, табиғи отын келді, 600 абоненттің газға қосылуына мүмкіндік туды. Соңғы мәлімет бойынша қазіргі кезде ауданда қазір 20 503 адамның немесе тұрғындардың 43,7%-ның көгілдір отынды пайдалануына  жағдай жасалыпты.    width=   2020-2022 жылдарға Көксу ауданындағы 8 елді мекенді газдандыруға бюджеттен 2,023 млрд. теңге бөлінген. Осы күнге дейін Мұқырыны қосқанда 5 ауыл көгілдір отынға қол жеткізсе, жыл соңына дейін 4 мыңнан астам тұрғыны бар Бесқайнар, Жамбыл, Мәмбет ауылдары да газға қосылады. Тағы 12 ауылды газдандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Олардағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі.  width= Мұқырыда алғашқы болып үйіне газ кіргізілген тұрғын – 44 жыл жергілікті мектепте ұстаз болған, қазіргі кезде жалғыз тұратын ардагері Рәбиға Алдабергенова. Бұл кісі – аты аңызға айналған, кезінде «дала академигі» атанған Нұрмолда Алдабергенов атамыздың қызы. Оның қуанышында шек жоқ.  width=   Бұл үйге «BSP групп» компаниясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп газды тегін қосып берді. Зейнеткер газ тарту ісінің басы-қасында жүрген жандарға алғысын айтты: – Үйіме тегін газ қосып берген демеушілерге, барша азаматтарға айтар алғысым шексіз. Егде адам болғасын жүректің ауруы мазалайды, бел омыртқамда сырқатым бар, сол үшін маған от жағып, күл шығарған өте қиын еді. Газ  қосып бергені маған үлкен демеу болды. Қыста суық 40 градусқа барғанда газдың қысымы төмендеп кететіні заңды құбылыс. Оны өзім химия пәнінің мұғалімі ретінде жақсы білемін. Сондықтан қатты аяздарда қосымша қор болсын деп 1-2 тонна көмір алып қойдым. Ауылға жеткен табиғи газдың қызығын барша тұрғын көре алатынына қуаныштымын, – дейді РабиғаАлдабергенова.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы