Атырауда түнгі клуб алдында төбелескен қыздар ұсталды
Атырауда түнгі клуб алдында төбелескен қыздар ұсталды
1,192
оқылды
Оқиғаға қатысты тараған бейнежазбадан бірнеше қыздың жұлысып, бір-бірін ұрғанын көруге болады. Оларды полиция дер кезінде ұстады. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлер жағдайды байқай сала, оқиға орнына жеткен.
«Қыздар түнгі клубтың алдында төбелесіп қалған. Оны Атырау полициясының жедел басқару орталығындағы полиция қызметкерлері бейнебақылау мониторында байқап, дереу оқиға орнына бригада жіберген. Полицейлер хаттама жасап, іс сотқа жолданды» делінген хабарламада.