Polisia.kz Телеграм-арнасы кеше түнде республиканың барлық өңірінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар басталғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері 20 тамызда атқарған жұмыстардың бір парасы мынадай:
1. Абай облысы: көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізуші ұсталды.
2 . Қарағанды облысы: ауыр жүк көліктерінің құжаттары мен мөлшерден тыс жүк тасымалдау бойынша тексерістер жүргізілді.
3. Жамбыл облысы: жасөспірімнің басқаруында көлік тоқталып, онда отырған кәмелеттік жасқа толмағандар анықталды.
4. Солтүстік-Қазақстан облысы: бұрын жүргізуші құқығынан айырылған автобус жүргізушісі анықталды.
5. Ақмола облысы: мас жүргізуші анықталды.
6: Қызылорда облысы: алдын алу жұмыстарын ескерту, салауатты өмірге бастар қадам.
Қазақстан аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.