Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты Покровка-Жаңажол автожолының 54-шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылына бағыт алған Lada Largus автокөлігі аударылып қалған.
Автокөлік рөлінде болған 40 жастағы әйел және 3 жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды.
Сонымен қатар, бес адам (оның үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.