Суды үнемдеп пайдаланып, мол өнім алуды меңгеру керек – Әлихан Смайылов
Суды үнемдеп пайдаланып, мол өнім алуды меңгеру керек – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz
550
оқылды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Өңірде Үкімет басшысы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының даму қарқынымен, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту барысымен танысты. Сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Әлихан Смайылов, ең алдымен, мемлекеттен қолдау алып, 1 700 га жерде заманауи суару технологияларын қолдана отырып, картоп өсірумен айналысатын «AgroTrade PV» ЖШС шаруа қожалығына барды. Сонымен қатар кәсіпорында қуаттылығы 10 мың тонна көкөніс қоймасы салынды, сондай-ақ қазіргі уақытта жылына 10 млн тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11 млрд теңге болды, оның 7,6 млрд теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» желісі бойынша жеңілдікпен несиелендіру және 2,7 млрд теңгесі субсидиялау есебінен салынды.    width= Шаруашылықтың жұмысымен танысқан Үкімет басшысы мұндай жобаларды басқа өңірлерде де іске асыру қажеттігін атап өтті.
«Қазіргі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі және тамақ өнімдері бағасының өсуі аясында бүкіл әлемде заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылатын ауыл шаруашылығы жобаларын дамытуға баса назар аудару керек. Мұндай жобаларды басқа өңірлерде де қолға алу қажет деп санаймын. Мемлекеттік қолдау арқасында бұл үлкен әлеуметтік және экономикалық нәтиже бермек, — деді Премьер-Министр.
 width= Осы жерде Әлихан Смайылов өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді, онда тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және құс шаруашылығын қолдау мәселелері көтерілді.    width= Үкімет басшысы көтерілген әрбір мәселе бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, облыс басшылығына оларды бақылауда ұстауды тапсырды. Одан кейін Премьер-Министр жылына 250 мың тонна алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауытының қызметімен танысты. Бұл зауыт өнімді ішкі нарыққа бағыттайды, сондай-ақ Түркия, Нидерланды, Бразилия, АҚШ, Италия, Болгария, Польша, Норвегия және басқа да бірқатар елге экспорттайды. Әлихан Смайылов зауыттың облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосып, өзінің әлеуметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр өндіріс қарқынын және экспортқа бағдарлануды сақтап, жаңа өткізу нарықтарына шығу қажеттігін айтты. Кәсіпорында Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен, оның ішінде «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ басшыларымен кездесті.  width= Кездесуде заманауи өндіріс технологияларына көшу, қоршаған ортаны қорғау, атмосфераға шығарындыларды азайту және атмосфералық ауаның сапасына автоматты түрде мониторинг жасау жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.  width=   Премьер-Министр ірі кәсіпорындармен бірлесіп, Павлодар қаласының айналасында «Жасыл белдеу» құру мәселесін пысықтау қажет екенін, бұның қаланың экологиясын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Шығарындыларды азайту және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу – облыс тұрғындары үшін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондықтан бізге осы бағытта елеулі нәтижелер қажет. Ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы экологиялық таза және қол жетімді технологияларға көшуі керек. Тау-кен металлургия және энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөніндегі стратегияны әзірлеуі қажет», – деді Әлихан Смайылов.
Облыс әкімдігіне Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және кәсіпорындармен бірлесіп, шығарындыларды азайту мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.    width= Бұдан кейін Үкімет басшысы әр жылдары «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған архитектуралық шыныпакеттер мен шыныдан жасалған интерьер заттарын шығаратын «Стекломир» ЖШС кәсіпорнына барды. Компания өнімдері ішкі нарықта және көрші мемлекеттерде сатылады.  width= Әлихан Смайылов құрылыс саласын дамыту аясында құрылыс материалдарына қажеттілік артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет осы өндірістік бағытты барынша қолдауға әзір.    width=
«Біз отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің белсенділігін қолдаймыз. Мұндай кәсіпорындар бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға және әлемдік бағалардың ауытқуына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Премьер-Министр.