Оқуға түсуге келген ауыл баласы құдыққа құлаған сәбиді құтқарып қалды
Оқуға түсуге келген ауыл баласы құдыққа құлаған сәбиді құтқарып қалды
13,700
оқылды
Құтқарушының есімі – Арман Аманжолов. Өзі Арал маңындағы Бөген  ауылының тумасы. Колледжге оқуға құжаттарын тапсыру үшін Қызылордаға келген. Көшеде 2 жасар сәбидің канализация құдығына құлағанын көріп, оны құтқаруға асыққан. – Көшеде ән тыңдап келе жатқанмын. Алдымда бір келіншек кетіп бара жатты, қасында кішкентай екі жасар бала бар. Ол анасының алдына түсіп алып, жүгіріп жүрген. Әп-сәтте келіншек айқайлап жіберді. Сөйтсем, жаңағы сәби беті ашық қалған құдыққа түсіп кетіпті. Ойланбастан, бірден канализацияға түсіп, баланы құтқарып алмақ болдым. Іші сасық, қоқысқа толы лай. Сәбиді жоғарыға қарай көтеріп едім, жоғарыдан біреу тартып алды, – дейді Арман Аманжолов. 15 жастағы Арманның бұл әрекетін бірі батылдық деп таныса, бірі мән бермеген. Бірақ оның кір-қожалақ болып, канализация құдығының үстінде отырған күйін біреулер суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. Оның айтуынша, отбасында бес ағайынды. Әкесі жұмыссыз, ал шешесі ауылдағы мектептің асханасында жұмыс істейді екен.