Тоқаевтың тапсырмасы: Қосшы қаласында үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?
Тоқаевтың тапсырмасы: Қосшы қаласында үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?
Фото: primeminister.kz
882
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Қосшы қаласына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2019 жылдың сәуір айындағы сапары кезінде Мемлекет басшысы Қосшы қаласын одан әрі дамыту, оның ішінде үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жөнінде нақты тапсырма берді. Қазір  қала халқының саны шамамен 65 мың адамды құрайды,  бұл облыстық маңызы бар қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Бұл ретте халықтың жыл сайынғы өсуі әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай жүктеме түсіреді. Осыған байланысты Үкімет пен өңірлік билік қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.    width= Қалада жобалық қуаты 3,7 мың орындық үш мектеп жұмыс істейді, бірақ оларда 6,8 мың оқушы оқиды. Оқушы орындарының тапшылығы 3,1 мың орынды құрайды. Үш ауысымды оқытуды жою үшін 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. 1 қыркүйекте жаңа мектеп өз есігін ашады, бұл оқушы орындарының тапшылығын 77%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Е.Тоғжанов 1 200 орындық тағы бір мектептің құрылысын жеделдетуді тапсырды, оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл мектеп «Лесная поляна» тұрғын алабында орналасқан негізгі мектепке жүктемені азайтады, онда 4,6 мың бала оқиды (жобалық қуаты –  2,4 мың орын). Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Премьер-Министрдің орынбасарына келесі жылы тағы 2 мектеп іске қосылатынын, оның біреуі жеке инвестициялар есебінен салынатынын хабарлады.  width= Қосшы қаласының мектептерінде үш ауысымды оқыту мәселесі 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық шешілетін болады.
«Мемлекет басшысы оқу орындарында жайлы жағдай жасауды тапсырды. Оны іске асыру үшін Үкімет үш ауысымда оқытатын мектептерде екі ауысымдық оқыту форматына көшу мәселелерін шешуде. Жыл соңына дейін Қосшы қаласында мәселе өз шешімін табады», – деп атап өтті Е.Тоғжанов.
 width= Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары жаңа қала тарихындағы бір ауысымда 100 адам қабылдайтын бірінші заманауи қалалық емханада болды. Ол 2022 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі және оның ашылуын қала тұрғындары асыға күтуде. Емхана заманауи медициналық және зертханалық жабдықтармен жабдықталған және дәрігерлермен, медбикелермен қамтамасыз етілген.  width=   Сонымен қатар вице-премьер полиция бөлімінің жаңа ғимаратындағы қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғауды мониторингілеу жүйесімен танысты. Жаңа полиция корпусы барлық қажетті жабдықтармен, соның ішінде бақылау және тәртіптің сақталуын бақылау мониторларымен жабдықталған.  width= Сапар қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов Ақмола облысының әкімдігіне Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, мектеп пен емхананы педагогикалық және медициналық персоналдармен толықтыруды аяқтауды, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау объектілерін қажетті жабдықтармен және мүлікпен толық жарақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Жұмыс сапарының жалғасында Премьер-Министрдің орынбасары елорданың білім беру ұйымдарына да барды. Е.Тоғжанов №65 мектепке жапсаржай құрылысының барысымен танысты. Бұл мектептің жобалық қуаты бір ауысымда 1 200 орынды құрайды, бүгінде 3 мыңнан астам оқушы оқиды. Оқушы орындарының санын арттыру мақсатында қосымша құрылыс салынып жатыр, ол қосымша тағы 1,2 мың оқушыға арналған орындар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты. Ералы Тоғжанов инклюзивті білім берудің негізіне балаларды кез келген кемсітуді болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасайтын идеология енгізілгенін атап өтті. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті оқытуды қажет ететін 14 мыңнан астам бала тұрады. 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында 1 204 бала үшін оқыту ұйымдастырылған. №1 арнайы мектеп-интернатта 520 бала оқиды, 125 орындық интернат бар. №1 арнайы мектеп-интернаттың қолда бар инфрақұрылымы күндізгі/сағаттық болу шеңберінде қосымша сабақтар өткізу үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар контингентін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүктемені азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Ералы Тоғжанов елорданың білім беру ұйымдары өз мысалында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз ортаның қалай құрылатынын көрсетуде үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Жыл сайын жаңа білім беру объектілері енгізіледі, жобалық құжаттама әзірленген сәттен бастап олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар кешенін ескеруі тиіс.
«2021 жылы Мемлекет басшысы инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерге қол қойды. Дәл осы заңнамалық актіде бастапқы және базалық негіздер қаланған. Жауапты мемлекеттік органдардың міндеті – заңнамалық нормалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету», – деді Ералы Тоғжанов.
Сапар соңында вице-премьер қайта құрудан кейін жақында ашылған Көктал-2 тұрғын алабындағы «Қорғалжын» саябағына барды. Скверде балалар мен ересектердің бос уақытын өткізуге арналған алаңдар, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған аймақ, спорт алаңы бар. Мұнда шахмат пен үстел теннисіне арналған үстелдер орнатылған. Нысанды аралау барысында Е.Тоғжанов Көктал-2 тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді, оның қорытындысы бойынша қала әкімдігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.