Көршісі зорлаған 9 жастағы қыз Үржардан Семейдегі ауруханаға жеткізілді
Көршісі зорлаған 9 жастағы қыз Үржардан Семейдегі ауруханаға жеткізілді
Фото: change.org
2,030
оқылды
Үржарда 9 жастағы қызды көршісі зорлаған. Қыздың анасы түнгі ауысымда жұмыста болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің жазуынша, зорлық көрген кішкентай қыз Семейдегі ауруханаға жеткізілді.
«Қайтадан қан, сынамалар тапсырдық. УДЗ-дан өтті. Адамнан, әсіресе, бейтаныс адамдардан, жалғыз қалудан қатты қорқады. Дәрі салғаннан кейін онымен сөйлесу қиын болып кетті. Қорыққаннан мені де ішке кіргізбей қойды», – дейді жәбірленуші қыздың анасы Светлана Либих.
Кішкентай қыз Өскемендегі оңалту орталығында психологтардың курсынан өтеді. 14 тамызда оқушы қыздың анасы түнгі ауысымнан үйіне оралғанда қызын қансырап жатқан жерінен тапқан. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі ұлы бар 48 жастағы көршісі ұсталып, қамауға алынды.