Атырауда мешітте шу шығарған деструктивті ағым өкілі әкімшілік жазаға тартылды
Атырауда мешітте шу шығарған деструктивті ағым өкілі әкімшілік жазаға тартылды
1,129
оқылды
Оқиға 19 тамыз күні Атырау қаласындағы Атырау селолық мешітінде орын алған. Намаз алдында мешіт имамы жамағатқа әдеттегідей уағыз айтып отырған. Осы кезде мешітке тұрақты түрде келіп жүрген Темірхан есімді азамат уағызды тыңдамай, қайта-қайта телефонын ақтарып отырады. Оның бұл әрекетіне шамданған жанындағы жамағат ​ Темірханнан уағыз кезінде телефон ұстамауын, имамның насихатын тыңдауын сұрайды. Жамағат тарапынан оған бірнеше рет ескерту жасалған.
«Алайда, Темірхан ескертуге құлақ аспады. Керісінше мешіт ішінде дауыс көтеріп, шу шығарды. Мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, қарапайым әдеп қағидаттарын бұзды. Осыдан кейін белсенді жамағат оны наиб имамдар бөлмесіне алып келді. Мешіттің наиб имамдары ол азаматпен жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Темірхан кінәсін түсініп, жамағаттан кешірім сұрады. Темірхан ​ мешітке келіп жүргенімен, жат ағымның өкілі. Мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, шу шығару әрекеттері оның тарапынан бұған дейін бірнеше рет қайталанған болатын», – деп түсінік берді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Қазіргі уақытта мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, шу шығарған Темірханның үстінен Атырау облысы дін істері басқармасы «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бап, 2-бөлігі» бойынша әкімшілік іс қозғап, жауапқа тартты.

Баян Жанұзақова

  https://youtube.com/shorts/E_klyfsTVa8?feature=share