Дәрігерлер Алматыда дәретханадан табылған сәбидің денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер Алматыда дәретханадан табылған сәбидің денсаулығы туралы айтты
Фото: news.myseldon.com
609
оқылды
Алматыда дәретханадан табылған бала аман қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Нәрестені 21-22 аптада шала туған.
«Қазір гипотермияға байланысты баланың жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде қарқынды терапия алады», – деді дәрігерлер.
25 тамыз күні 17 жастағы әйел баласын дәретханада босанған. Қазір  ауруханада емделіп жатыр. Бұған дейін осы оқиғаға қатысты дәретханадан баланы алып шыққан полицейдің шені жоғарылап, майор атанғаны туралы жазған болатынбыз.