30 тамызда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері жұмыс істемейді
30 тамызда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері жұмыс істемейді
320
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті 30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейтінін еске салды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп ескертеді комитеттен.