Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады
Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады
207
оқылды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады. Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады. Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.