Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті – Тоқаев
Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті – Тоқаев
Фото: dalanews.kz
789
оқылды
Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірден-бір  мемлекет. Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. «Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», – деп жазды Президент.