Ирактағы наразылық: 20 адам көз жұмып, 200 адам жараланды – видео
Ирактағы наразылық: 20 адам көз жұмып, 200 адам жараланды – видео
678
оқылды

Ирак астанасы Бағдадта Шиит имамы Муктада ас-Садр саясаттан кететінін жариялағаннан соң оның жүздеген жақтасы наразылық шерулерін ұйымдастырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразылықтардан 20 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.

Бүлікшілер үкімет сарайы мен шетелдік елшіліктер орналасқан жасыл аймаққа шабуыл жасаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үкіметтің «жасыл аймақта» орналасқан сарайын қазіргі режимнің қарсыластары басып алған. Ал бірлескен қолбасшылық 29 тамызда Ирак астанасында коменданттық сағат енгізген. Reuters қақтығыста шамамен 20 адам қаза тапқанын хабарлады. Тағы 200-ге жуық адам жарақат алған. Сонымен қатар қақтығыс болған аймақта пулеметтер мен жарылыстың дауысы естілген. Қазір Бағдад қаласына әскер кіргізіліп, елде коменданттық сағат жарияланды, наразылық шерулерінің салдарынан 30 тамызда жұмысқа шығуға тыйым салынды. https://youtu.be/jnElYsFlnoU