Жүк пойызына жармасып, әкесіне бармақ болған екі ағайындының бірі қайтыс болды
Жүк пойызына жармасып, әкесіне бармақ болған екі ағайындының бірі қайтыс болды
Фото: rua.gr
13,493
оқылды
7 жасар баланың өлімі Талас ауданының орталық облыстық ауруханасында расталды. Бала ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.
«Ауруханаға келген соң екі балада да бас сүйек-ми жарақаты анықталды. 2015 жылы туған бала алған жарақат салдарынан қайтыс болды. Екінші баланың жағдайы орташа, қазір ол хирургия бөлімінде жатыр», - деді Талас ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.
Әзірге дәрігерлер екінші баланың жағдайына қатысты ешқандай болжам жасаған жоқ. Еске сала кетсек, Жамбыл облысында жеті және тоғыз жастағы балалар жүк пойызының вагонына жармасып, әкелеріне бармақ болған. Олар пойыз жылдамдығынан қорқып, вагоннан секіріп кеткен. Артынша ауруханаға жеткізілген болатын.