Бішкекте 17 жастағы қазақстандық жігіт жоғалып кетті
Бішкекте 17 жастағы қазақстандық жігіт жоғалып кетті
15,087
оқылды
Қырғыз астанасы Бішкек қаласында 17 жастағы қазақстандық жігіт жоғалып кетті. Бұл жайында Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының Facebook парақшасында жарияланды. Мәліметке қарағанда, 28 тамыз күні қала тұрғыны ведомствоға жүгініп, 2005 жылы 15 сәуірде дүниеге келген жиен інісі, Қазақстан азаматы Ілияс Олегұлы Әбдуллаевты іздеуге жәрдем беруін өтінген. Оның атап өтуінше, сол күні сағат шамамен 12.00 мен 13.00 аралығында жиен інісі «Джунхай» базары аумағында белгісіз бағытқа кетіп қалып, содан бері оралмаған. Қазір бозбаланың қайда жүргені белгісіз.
«Хабар-ошарсыз кеткен Ілияс Әбдуллаевтың қайда жүргенін анықтау үшін белсенді іздеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасынан.