Қазір шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі өзекті мәселе болып отыр – Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазір шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі өзекті мәселе болып отыр – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: newsvladimir.ru
822
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Президент Жолдауда Қазақстанға көптеп келе бастаған шетелдік компаниялар туралы айтты. «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазір  шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан  бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Президент қазба байлықтың игілігін халықтың бәрі бірдей көріп отырған жоқ деген болатын.