Қазба байлықтың игілігін халықтың бәрі бірдей көріп отырған жоқ – Тоқаев
Қазба байлықтың игілігін халықтың бәрі бірдей көріп отырған жоқ – Тоқаев
1,854
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Парламент палаталарының бірлескен отырысына Сенаттың 50, Мәжілістің 100 депутаты және Үкімет мүшелері, лауазымды тұлғалар қатысып жатыр. «Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Бірінші бағдар. Жаңа экономикалық саясат. Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ оны шешудің нақты жолдары бар», – деді Президент.