Дәрігерлер Алматы облысында зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер Алматы облысында зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Фото: sputniknews.ru
466
оқылды
Алматы облысында зауытта жарылыс болып, бес адам жараланған болатын. Денсаулық сақтау басқармасы өкілі Іле ауданындағы зауытта жарылыстан  зардап шеккен бес жұмысшының денсаулығы туралы айтты. Бесеуі Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Газ жарылысынан зардап шеккен 5 адам ауруханаға түсті. 4 адам медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас травматология бөліміне жатқызылды. Беті, екі қолы, кеуде қуысының II-ІІІА дәрежелі термиялық күйік диагнозы қойылды. Жағдайы орташа», – дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, емделіп жатқан бес адамнан басқа жарылыстан бір адам қаза тапты.