«Стилімді өзгерту керек деп ойламаймын. Алдағы айқаста үстем түсу үшін Бивол секілді болуым керек. Мақсатым – өзімді жақсы қырынан көрсету. Бұл кездесуге ерекше ден қойып отырмын. Көп жұмыс істеудемін. Өз стилімнен айнымасам, оны жеңемін. «Канело» да қазір қызу дайындалуда. Ол Биволдан жеңілісінен кейін көп жаттығып, өз-өзіне келді. Бірақ психологиялық басымдық менде», – деді Головкин.Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.
Асыл ТҰМАР