TURKISTAN BILIMI: жаңа жоба – игі бастама
TURKISTAN BILIMI: жаңа жоба – игі бастама
771
оқылды
Мемлекет қашанда білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Сәйкесінше, білім саласын­да­ғы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген маман­дар­ды даярлау – заман тала­бы. Құрылғанына 4 жылдан енді асқан Түркістан облысы­ның орталығы Түркістан қала­сы­ның аумағы ұлғайып, хал­қы­ның саны артқан сайын бі­лім беру мекемелеріне сұра­ныс та артқан. Рухани қала­мыз дамыған сайын білім са­­­ла­­сы да дамудың даңғы­лы­на түсті. Жыл сайын жаңа мек­теп­тер мен жаңа балабақ­ша­лар есігін айқара ашты. Түр­кіс­тан облысының аудан­да­рын­да да дәл осындай іл­ге­рі­леу­шілік бар. Бұған мемлекет тарапынан білім саласын қол­­­дау шаралары да өз сеп­ті­гін тигізіп жатқаны анық. Одан бөлек, соңғы жылдары үнемі жаңғырып, жаңарып, дамып жатқан инновациялық жоба­лар да жеткілікті.  Республикадағы әрбір 7-ші бала Түркістанда білім алады Түркістан облысының білім саласында жаңа оқу жылын жақсы жаңалықтармен қарсы алып отыр. Облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы білім күні қарсаңында өңірдегі осынау игі істермен, бірқатар жетістіктерімен бөлісті. Басқарма басшысы саланың қол жеткізген жетістіктері көп бол­ғанымен, алда тұрған міндеттердің ауқымы одан да жоғары екенін атап өтті. Республика бойынша әрбір же­тінші бала Түркістан об­лысында білім алатынын ес­кер­сек, өңірдегі бұл салаға артылар жүктің де жо­ғары екенін бай­қаймыз. Өңірде биыл алғашқы қоңырауға 510 мың­нан аса оқушы қатысты. Ал 52 123 бала мектеп табалдырығын аттады. Осынша бала 905 мемлекеттік 56 жеке­меншік білім беру ұйымында білім алады. Бүгінде оқушылардың білім сапасы халықаралық зерттеулер­дің (PISA,TIMSS, TALIS, PIRLS) қорытындысымен айқындалатыны белгілі. Өңірде аталған жоба шең­бе­рінде білім сапасын көтеру үшін пе­да­гогтердің біліктілігі мен оқу­шы­лардың функционалдық сауат­тылығын арттыру жұмыстары жүр­гізіліп келеді. Биыл қосымша жан басына шаққандағы қаржы­ландыруға өткен 92 мектептің 28-і 480 млн 267 мың теңгеге 57 (фи­зика-14, химия-14, биология-16, STEM-13) пәндік кабинетімен жабдықталып жатыр. Дінислам Болатханұлы жаңа оқу жылында «Кибернет Академиясымен» бірге Түркістан және Кентау қалаларын­да педагогтердің IT құзіреттілігі мен математикалық біліктігін да­мытуға бағытталған «Математикаға дайындықтың жаңа технология­сы» бағдарламасын енгізу жоспар­ла­нып отырғанын жеткізді.
«Бағдарламада мұғалімдер Рес­публикалық физика-матема­тика мектебінің, Қазақ-Британ техно­логиялық университетінің әдісте­ме­сін пайдаланатын болады. Со­ны­мен қатар «Оқуға құштар мек­теп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 324 мектептің кітапханасы жаңғыртылмақ. Заманауи кітапха­на оқушының кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, із­денетін, еркін ойлы қатарлас­та­ры­мен бірге тиімді уақыт өткізетін ор­тасы болуы тиіс. Енді Түркістан об­лы­сының білім беру ұйымда­рын­­дағы кітапханаларда IТ жаб­дық­­та­ры бар Coworking – орта­лық­тары ашылатын болады», – деді ол.
Жекеменшік мектептер көбейді Түркістан облысы осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласынан бөлініп, қайта құрылғаны белгілі. Бүгінде құрылымы өзгеріп, қайта жа­сақталған барлық салада іл­герілеу бар. Республика бойынша білім беру саласы бойынша ең көп қаржы да Түркістан облысына бө­лінеді екен. Мәселен, биыл осынау салаға 456 млрд теңге қаралыпты.
«2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мек­тептердің мәселесін шешу үшін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Былтыр 77 мектеп салынса, биыл 34 білім беру нысанының құрылы­сы аяқталып, жыл соңына дейін пай­далануға беріледі», – деді бас­қарма басшысы. Сондай-ақ бү­гінде мемлекеттік бюджеттен бө­лек орта білім саласын жеке сек­тордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізіліп жатқаны да сөз болды.
Өңірде 2021 жылмен салыс­тыр­ғанда жекеменшік мектептер саны 17-ге артып, олардың саны 56-ға жет­кен. Есесіне, жекеменшік мек­теп­тер есебінен білім ұясының тап­шы­лығы мәселесі реттеліп келеді.
Дінислам Болатханұлы қазір Түркістан облысының білім беру саласын кешенді дамыту мақса­тында 2022-2025 жылдарға арнал­ған TURKISTAN BILIMI стра­те­гиялық даму жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті. Осы тұста жос­парға сәйкес ауқымды жобалар іске асырылмақ. Оның ішінде бүгінде TURKISTAN BILIMI эко­жүйесі, яғни білім саласын авто­маттандыру және білім сапа­сын арттыру бағытында жұмыс бас­талған. «Биыл оқу процесіне қа­жетті барлық функцияның жиын­тығы қамтылған білім сала­сындағы ақпараттық жүйелермен интегра­цияланған Bilim Land платфор­ма­сымен «Әлеуетті мем­ле­кеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ын­тымақ­тас­тық туралы меморан­дум» түзілді. Аталған платформа­ның білім маз­мұнына қатысты жүйесіне облыс мектептері 100 па­йыз тегін қосыл­ды. Сонымен қатар педагогтерді аттестаттау про­цесін автоматтан­дыру бойынша Е-Портфолио, білім саласының аналитикалық есебін қалыптас­тыратын Basqarma.Smartnation.kz білім беру ресурстары енгі­зілуде», – дейді Д. Болатханұлы. Со­нымен қатар мек­теп кітапха­на­ларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылыпты.
Мамандыққа баулиды Білім сапасы балабақшадан бастау алатыны белгілі. Облыста 1406 мектепке дейінгі ұйым бала­ларға қызмет көрсетеді. Оның 267-ы мемлекеттік, 1007-і жеке­меншік, 86-сы мектеп жанындағы шағын орталық. Түркістан облысы жекеменшік балабақша ашу көр­сеткіші бойынша да республикада көш бастап тұр. Барлық балабақшаға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау Balabagsha.snation жүйесімен толық автоматтандырылған. Енді ба­ла­лардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұ­мыс­тары жүргізілмек. Яғни, бұл нақ­ты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері – техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі. Сондықтан соңғы жылдары кәсіптік білімге ерекше ден қойылғаны рас. Түркіс­тан облысында да білім беру ұйым­да­рының жоғары сынып оқушы­ларына кәсіптік бағдар беру бағ­дар­ламасы іске асырылып жатқа­нын еске сала кетейік. Мәселен, халқы тығыз орна­лас­қан Сайрам және Мақтаарал аудандарында 2 оқу өндірістік комбинаты сақталған. Онда аудан орталығындағы мектептердің 4 520 оқушысы 12 мамандық бойынша алғашқы кәсіптік білім алып, куәлікке қол жеткізген. Енді жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан, қалада орналасқан мемлекеттік колледждер базасын және оқытушылар әлеуетін пай­далана отырып, оқу өндірістік комбинаттар жұмысы жүргізіліп, кәсіптік білім саласын игерген оқу­шылардың үлесі артатын болады. Өңірдегі 52 колледжде 24 920 студент білім алып жатса, оның 414-і «Еңбек» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде келгендер. Тірек мектептері жасақталады Өткен оқу жылының қорытын­дысы көрсеткендей, Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облы­сының 11 мектебі енген. Әрине, бұл өңір педагогтерінің қажырлы еңбегі екендігі екені белгілі. Ендігі жылдан бастап мектеп, колледждердің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлек­терінің үлесімен бағаланбақ.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» дегендей, мұғалімнің кәсіби да­муы­на да облыста ерекше серпін берілген. Бүгінде облыста 55 516 пе­дагог оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүр. «Аталған страте­гиялық жоспар аясында жүзеге асы­рылатын тағы бір жобамыз «Те­мірқазық» тірек мектептер деп аталады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйы­мының басшысы Күләш Ноғатай­қызының басшылығымен облыс­тың 17 аудан тірек мектептер жа­сақ­талатын болады. Жоба аясында зияткерлік мектептердің әлеуетін 17 тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдіс­темелік көмек көрсетіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапа­лық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсара­ды деп күтілуде», – деп атап өтті Дінислам Болатханұлы.
Білім беру ұйымдарын басқару, яғни директорлық мәселесі аз ай­тылып жүрген жоқ. Биыл облыста 224 білім беру ұйымының бас­шы­лары ротацияланған. Басшылық білім саласындағы жауапкершілігі жоғары қызметтің жетілдіретін тұс­тары көп. Әзірге Қамқоршылар кеңесі қайта құрылып, аттеста­циядан өткізу жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдары бас­шыларының жетістігін баға­лайтын KPI қойылмақ. Сондай-ақ пән мұғалімдерінің ассоциациялары ресми құрылып, жұмыс істемек. 2022 жылды Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бала­лар жылы» деп жариялағаны бел­гілі. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың ден­саулығын нығайтуға, инфра­құ­рылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Түркістан облысында «Балалар жылын өткізуге» ар­налған кешенді жоспар бекітіліп, 80-ге жуық іс-шара өткізілген. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік бе­ре­тін 53 қосымша білім беру меке­ме­лері жұмыс істеп тұр. Бұл ба­ғытта Қазығұрт ауданында 120 балаға, Келес ауданында 320 және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған оқушылар үйі бой кө­те­ріпті. Ал Түлкібас ауданы «Жан­кент» жалпы орта мектебінің база­сында 150 балаға арналған «Өнер» мектебінің филиалы құрылған. Облыста ерекше білім беруді қа­жет ететін балалардың шығарма­шылығы да назардан тыс қалған емес. 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай республикалық «Жұл­дызай» инклюзивті балалар шы­ғар­машылығының фестивалі алғашқы рет Түркістан қаласында өтті. Облыста 31 арнайы білім беру ұйымы 26 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін балаға қызмет етеді.

Түркістан облысы