Бапкер "Канелоның" допинг қолданып жатқанын әшкереледі
Бапкер "Канелоның" допинг қолданып жатқанын әшкереледі
905
оқылды
Бапкер "Канелоның" допинг қолданып жатқанын әшкере қылды, - деп жазды Vesti.kz сайты. Америкалық белгілі бапкер Тэдди Атлас қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкспен сұхбаттасты. Әңгіме барысында ол Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) тыйым салынған препараттарды пайдалана отырып, бабына келді деп пайымдауда. Мамандардың сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр. Екі аптадан кейін Головкин мен "Канело" Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде үшінші жекпе-жегін өткізеді. Атлас алдымен сұрақ қойып, Альварестің мұның алдында допингпен ұсталғанда тыйым салынған ештеңе қолданбағанын, ол зат қанға етпен түсуі мүмкін деп ақталғанын еске салды.
"Канелоның" ірі болып кеткені дайындыққа әсер ете ме? Мұны қалай істегенін білмеймін. Мүмкін Мексикада сиыр еті мен гамбургерлер шынымен сондай шығар. Түсініксіз. Бірақ сұрақ басқада. Суперорта салмақтағы бірінші айқасқа қалай дайындалып жатырсыздар? Қандайда бір өзгеріс енгіздіңіздер ме?" деген сауалға "Жоқ. Бұрынғыдай жаттығып жатырмыз", - деп жауап берді Бэнкс.