Экологияны қорғауда қарқынды іс көп
Экологияны қорғауда қарқынды іс көп
718
оқылды
Соңғы жылдары мемле­кетіміз әрбір өңірдің эко­ло­гиялық жағдайын жақ­сарту жолында елеулі іс­тер атқа­рып, жоспарлы жұ­­мыс жүр­гізуде. Елімізде бұл ба­ғыт­ты мейлінше пы­сық­тайтын «Жасыл Қазақ­стан» ұлттық жобасы бар еке­­нін білеміз. Былтыр жоба аясында ауа­ны та­зар­ту, өзен-көлдердің ахуа­лын жақсарту, кәсіп­орын­­дардың зиянды қал­дық­тарын азайту бойынша біршама еңбек атқарылды. Атмосферадан өзен-көлге дейін Елде қолайлы өмір сүру ор­тасын қалыптастырып, эколо­гиялық жағдайды оңалту ісінде оңтайлы істер жетерлік. Мәсе­лен, былтыр Қазақстандағы 16 кәсіпорын атмосфералық ауаға шығаратын ластаушы заттар мөлшерін 3 пайызға азайтқан. Ал 2022 жылдың алғашқы 6 айында бұл көрсеткіш был­тыр­мен салыстырғанда 6,7 пайызға төмендеген. Бұл көр­сеткішке өнеркәсіп саласын модерни­зациялау есебінен жеткені анық. Сондай-ақ осы кезге дейін 3 005 полигонның 639-ы экологиялық нормаға сәйкес келтірілгені белгілі. Бөлек жинау үшін 3 876 кон­тейнер орнатылды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында құры­лыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң са­лынды. Павлодар облысында Былқылдақ көлі аумағының ластануын оқшаулауға бағыт­талған іс-шаралар өткізілді. Жалпы, Үкімет өзен-көлдердің жайына аса мән беріп отыр. Балқаш көлінің бассейнінде жаңғырту жұмыстары жүргізіл­ді. Сырдария өзенінің 50 ша­қы­рымы тазартылды. 22 арна­ның су есебі цифрланды. Осы шаралар Балқаш көліне ша­мамен 12 текше шақырым су ағынының келуіне ықпал етеді. Солтүстік Арал теңізінің кө­лемі 20,6 текше шақырым дең­гейінде сақталып, суару кезінде су шығыны 200 млн текше метр­ге қысқарды, көлемі 230 млн текше метр болатын қо­сым­ша су жинақталған. Бұл игі істер алдағы уақытта жал­ғаса бермек. Жаңа норманың жаңалығы Қоршаған ортаны жақсарту үшін елімізде 2023 жылдың 1 қаң­тарынан бастап ірі кәсіп­орын­дарда эмиссиялар мони­то­рингінің автоматты жүйесін енгізу қажеттілігі туралы норма күшіне енеді. Аталған шара әрбір кәсіпорынның зиянды қалдықтары туралы жедел әрі шынайы ақпарат алуға бағыт­талған. Норма кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, атмос­фераға шығатын зиянды қал­дықтар деңгейі асып кеткен жағ­дайда жедел шаралар қол­дануға мүмкіндік бермек. Айтпақшы, Мемлекет бас­шысы Қ.Қоқаевтың тапсыр­масы бойынша, 5 жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу ту­ра­лы ауқымды жоба іске асы­рылуда. Былтыр 66 мың гектар алаңға шамамен 138 млн ағаш отыр­ғы­зылған. Ол үшін мемле­кет бюд­жетінен қыруар қара­жат қаралады. Яғни, ел билігі эко­логияның жақсаруы жо­лын­да қолда бар ресурсты аяп қал­майды. Қазір Экология ми­нистрлігі әр өңірдің әкімдік­терімен бірлесіп, аймақтардағы экологиялық жағдайды жақ­сар­ту үшін түрлі бағыттағы жос­парлар әзірлеуде. Сондай-ақ Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму, Қаржы мен Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігі ірі елді мекендердегі тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу үшін жобалау-сметалық құ­жаттаманы әзірлеу жайын пысықтауда. Осы арқылы қо­қысты зиянсыз қылып, қайта өңдеу арқылы елге пайдалы ету жағы жолға қойылмақ. Қорыта айтқанда, елдегі эко­логиялық ахуалды жақ­сар­туға бағытталған істердің аяқ алысы көңіл көншітеді. Өз ке­зегінде бұл амал халықтың өмір сүру сапасының жоғарылап, денсаулық сақтау саласын да оңалтуға мүмкіндік ашады.