Балабақшаны да реформа күтіп тұр
Балабақшаны да реформа күтіп тұр
© коллаж: Қуаныш Сапарбай
979
оқылды
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы бала өміріндегі не­гізгі кезең. Алайда еліміз­дегі 2-6 жас аралығындағы бала­лардың жартысы балабақша­мен қамтамасыз етілмеген. Жақында еліміздегі бала­бақшалардың лицензия­лана­тыны белгілі болды. Бі­рақ Президент Жолдауында балабақшаны емес, тәрбие­шіні аттестациялау қажет екенін айтты. Бұл жаңалық жекеменшік балабақшалар мен тәрбиешілерді тығырық­қа тірегендей. Осыдан он жыл бұрын елімізде балабақшалар жетіспеген кезде мемлекет «Балапан» бағдарлама­сын қабылдап, лицензиялау тәр­тібін алып тастады. Нәтижесі Үкімет күткендей болған жоқ. Әлі де бүлдіршіндер 100 пайыз ба­лабақшамен қамтылмай отыр. Есесіне білім беру саласында же­ке­меншік балабақшалар саңырау­құлақ­ша қаптады. Көбі мемлекет­тен субсидия алып, бала тәрбие­леуді кәсіп көзіне айналдырып алған. Осы жағдайды оңалту үшін Оқу-ағарту министрлігі лицен­зия­ны енгізіп, жекеменшік бала­бақшалар санын қысқартпақ. Алайда бұл мәселеге келгенде қо­ғамның пікірі екіге бөлініп отыр. Бір топ лицензия керек десе, екіншісі оның шығыны мен тәуе­келдері көп дегенді тілге тиек етті.
– Балабақшаларда түрлі жағ­дай болып жатыр. Бұл жекеменшік балабақшалардың атына кір кел­тіреді. Жұмысына жауапты емес мамандардың әрекеті бізге де ұнамайды. Талапты күшейткен жөн. Жетекшісіне қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастыру керек. Бізде бар болғаны жұ­мыс­тан шығарады. Сотқа барса, материалдық шығындарын өтей­ді, сонымен іс бітеді. Осы тұрғы­дан келгенде, лицензиялау талап­ты күшейтуге жұмыс істесе, қол­даймыз, – дейді Laiyqty балабақ­шасының директоры Аслан Қаженов.
Дегенмен оның айтуынша, балабақшаларды жаппай лицен­зиялау олардың санының қыс­қаруына әкелуі мүмкін. Себебі қазір барлық балабақша талапқа толықтай сай емес. Айталық, Қызылорда облысын­дағы мемле­кет­тік балабақшалардың 51 па­йызы аттестациядан өтпей қал­ған. Ендеше мәселе жекеменшік балабақшада ғана емес. Аттес­тациядан өтпеген балабақшалар жабылуы керек екенін ескерсек, бір ғана Қызылорда облысында мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның жартысынан астамы жұмысын тоқтатуы керек. Ал қазір бұл балабақшалар жұмыс істеп тұр. Сондықтан жекеменшік балабақша директоры лицензия­дан бұрын мемлекеттік балабақ­ша­ларда жұмыс істейтін маман тапшылығын жоюға, олардың біліктілігін, жалақысын көтеруге қолдау көрсетуін сұрап отыр. Лицензия жағдайды шеше ме? Елордадағы жекеменшік ба­ла­­бақша директоры Майгүл Қа­сенова балабақшаларды ли­цен­зиялау мәселені шешпейті­нін айтады. Осы салада ұзақ жыл қыз­мет етіп келе жатқан маман жаңа талап енгізілсе, ірі қалалар­да­ғы балабақшалардың 90 пайы­зы жабылатынын жеткізді.
– Негізі, бұрын лицензия­лау­дан өткенбіз. Елімізде балабақша жетіспей жатты. Сол кезде лицен­зияны алып тастады. Коттеджден, тұрғын үйлердің бірінші қабаты­нан балабақша ашуға рұқсат берді. Балабақшаны көбіне қал­талы кәсіпкерлер емес, орташа та­бысы бар адамдар ашады. Кезін­де аза­мат­тар кәсібін дамыту үшін мем­лекетке сеніп, несие алды. Әу­пірімдеп аяқтан тұрғанда лицен­зияны қайтадан енгізіп жатыр. Енді олар жабылып қала­тын болды, – дейді Майгүл Қасенова.
Оның айтуынша, баласын 150-200 мың теңгелік балабақшаға беруге елордадағы отбасылардың барлығының жағдайы келмейді. Одан гөрі баласын коттедждердің бірінші қабатында орналасқан 30-40 мың теңгелік балабақшаға апа­рады. Алайда мұндай қара­пайым балабақшалардың жағ­дайын қымбаттарымен салыс­тыру мүмкін емес. Сондықтан әр отбасы көрпесіне қарай көсіледі. Енді жаппай лицензиялау енгі­зілетін болса, орта бизнес өкілдері кәсібінен айырылып қана қой­май, қарапайым отбасылардың балалары балабақшасыз қалуы да мүмкін. Ал білім сарапшысы Өмір Шыныбекұлы балабақшаларды міндетті түрде лицензиялау керек екенін айтты. Оның пікірінше, алкагольдік ішімдіктерді сату, құрылыс материалдарын шығару үшін лицензия керек, ал білім сатысындағы ең басты кезеңді лицензияламау дұрыс емес. Бала­бақшадан өзге қосымша білім беру ұйымдары да лицензия алуы керек. Лицензиялау міндеттелген жағдайда жұмыс қалай ұйымдас­тырылады? Саладағы жемқорлық сипатындағы тәуекелдер көп бол­ғандықтан, кәсіпкерлердің басым көпшілігін мәселенің осы жағы көбірек мазалайды. Екінші ма­ңыз­ды проблема, жеке балабақ­шаларда санаты бар мамандар жоқтың қасы. Ал лицензия алуда қойылатын негізгі талаптардың бірі – осы.
– Балабақшалар түгілі мек­теп­тегі педагогтердің өзінен жалған диплом анықталып жатыр. Сон­дықтан тәрбиешілердің диплом­дарын мұқият тексеру керек. Педагогикадан алыс адамдар өз басын ғана күйттеп қалады. Же­кеменшік балабақшалар мен мек­тептердің жұмысын тікелей құрылтайшылары ұйымдастыра­ды. Сондықтан олар тәрбиеші­лікке біліктілігі бар маманды емес, тамыр-танысын тартуы мүм­кін. Сол себепті ең бірінші бала­бақшадағы педагогтердің біліктілігін тексеру керек, – дейді Өмір Шыныбекұлы.
Тәрбиеші болуға талапкерлер аз Бір кездері мектеп пен кол­ледждегі педагогтердің еңбекақы­сын көбейткенде жекеменшік оқу орындарының мұғалімдері шет қалдық деп шырылдап еді. Енді Президент балабақшаларда жұ­мыс істейтін педагогтердің жала­қысын көбейтуді және жүктеме­лерін азайтуды тапсырды. Бірақ бұл өзгерістен жекеменшік бала­бақшалардың шет қалуы мүмкін. Себебі мемлекеттік балабақша ма­мандары мемлекет қаржысы­мен оқып жатқанда, жекеменшік балабақша иелері мамандардың біліктілігін арттыру үшін өз қар­жысына оқытуға мәжбүр.
– Қазір жастар тәрбиеші ма­мандығына барғысы келмейді. Өйткені олар болашағын ойлай­ды, таңнан кешке дейін балаға қарап, мардымсыз жалақы алғы­сы келмейді. Сондықтан тәрбие­ші­лердің жағдайына көңіл бөлуі­міз қажет. Оларға тегін семи­нар­лар өткізу қажет. Әлеуметтік көмек пакетін қарастырған жөн. Иә, бізге педагог статусын берді. Бірақ іс жүзінде ештеңе жасаған жоқ, – дейді Майгүл Қасенова.
Сондықтан балабақша дирек­торлары мемлекеттік балабақша мәселесіне келгенде жеке немесе мемлекеттік деп бөлмей, бірдей жағдай жасауын сұрайды. Соны­мен бірге балабақша жұмысының сапасын қамтамасыз ету жолда­рын нақты айқындау керек деген ұстанымда. Ол үшін министрлік және жергілікті жерлерде об­лыстық Білім басқармалары жанынан арнайы кеңес құрып, балабақшаларды лицензия­лау­дағы нормативтік құжаттарды зерделеуді, жеке балабақшалар жа­былуға мәжбүр болған жағдай­да мектепке дейінгі білім берумен қамту көлемінің азайып кетпеуін қадағалап, жұмыссыздық секілді шиеленіс ошағын тудыратын мәселелерді шешіп алуды ұсын­ды. Қазір балабақшаларда 1 педа­гог­ке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойын­ша орташа жалақыдан төмен. Ресми деректер бойынша, кейінгі 3 жылда балабақша тәрбиешіле­рінің жалақысы екі есеге дейін өскенімен, оның білікті кадрлар­ды тартуға әлі де жеткіліксіз екені байқалып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын жоғары оқу орын­дарындағы бір орынға 10 адамнан астам үміткер болса, қазір 1-ге де жетпейді.
– Тәрбиешінің қадірі жоқ, ай­лығы төмен, жүктемесі үлкен. Ал педагогтердің айлығы көтері­ліп жатыр. Сол сияқты тәрбиешілер­дің де айлығы кезең-кезеңмен өсуі керек. Қазір тәжірибелі ма­мандарды жоғары айлықпен ғана ұстай аласың,– дейді балабақша директоры Аслан Қаженов.
Олай болса, балабақша мен тәрбиешілерді түбегейлі бір ре­фор­маның күтіп тұрғаны анық. Сонда ғана саладағы бассыздық­тар тұсауланып, сынға төтеп бер­гендері ғана суырылып шығады.