Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адамның өрт сөндіруші екені анықталды
Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адамның өрт сөндіруші екені анықталды
2,599
оқылды
2022 жылғы 7 қыркүйекте әлеуметтік желідегі YouTube каналының «Бәсе» аккаунтында «МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы» атауымен бейнеролик орналастырылған болатын. Бейнероликте өртті ұйымдастырғанның бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Өтеулиев екені айтылған.
"Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оны Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алған, ол Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлімі 440-бабы және 1-бөлімі 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру шаралары барысында ер адам өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйінде болған. Қазір қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды. https://www.youtube.com/watch?v=zkNiR_Y5MPM