Өртенген монша ішінен ер адамның мәйіті табылды
Өртенген монша ішінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: Интернеттен алынды
266
оқылды
Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, монша өртеніп, бір адам қайтыс болды. Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 ақпан күні сағат 17.00 шамасында Кожедуба көшесіндегі жеке тұрғын үйдің моншасында өрт шыққан. «Өртті сөндіруге 4 техника жұмылдырылды. Жалын 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер монша ішінен 1976 жылғы ер адамның мәйітін тапты. Сыртқа шығып үлгерген 1981 жылғы әйелдің беті күйіп қалған. Ол бірден облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді» делінген ресми хабарламада.