Үш өрт сөндіруші жоғары марапаттарға ие болды
Үш өрт сөндіруші жоғары марапаттарға ие болды
457
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулысы жарияланды. Онда Мемлекет басшысының Қаулысымен үш өрт сөндіруші жоғары марапаттарға ие болғаны айтылған. 
"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын: Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі; Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; "Ерлігі үшін» медалімен: Нұрлан Сәлімжан – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек № 1003", - делінген құжатта.