Ақтауда 36 жастағы ер адамды мойнынан бірнеше рет пышақтап өлтірген адам ұсталды.
Оқиға 7 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында болған.
«Ақтау қаласының 29 «а» шағынауданында 23 жастағы жігіт төбелес кезінде жәбірленушінің мойнына бірнеше рет пышақ тыққан. 36 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.