Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов салынғанына 5-6 жыл болған мектептердің құлауға шақ тұрғанын айтты.
Министрдің айтуынша, мектептердің қауіпсіздігін тексеру қажет.
«Соңғы жылдары жаңа мектептердің тозығы жеткені, қауіпсіздігіне қатысты келеңсіз жайт көбейді. Сондықтан Үкімет отырысында облыс әкімдеріне мектептердің техникалық жағдайын тексеру керек деген ұсыныс айттым. Оған қосымша қаражат керек. Таяуда бірнеше облысты аралап, 5-6 жыл бұрын салынған мектептердің өзі апатты жағдайда тұрғанына көзім жетті», – деді Асхат Аймағамбетов.