Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға тегін түсе алады – Асхат Аймағамбетов
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға тегін түсе алады – Асхат Аймағамбетов
382
оқылды
Енді халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларға ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға түсу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Дарынды балаларды қолдау бойынша бізде кешенді жұмыс жүріп жатыр. Биыл елімізде әлемдегі ең беделді олимпиадалар бойынша рекорд орнады. Біздің оқушылар пәндік халықаралық олимпиадалардан 27 жүлде алып келді. Бұл – балалар мен оларды дайындаған ұстаздардың еңбегі. Сонымен қатар ата-аналардың қолдауының арқасында осындай жетістікке жетіп жатыр», – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен бірге министр халықаралық олимпиадалардан жеңіспен оралып, медаль алып келген оқушыларға қаржылай үстемеақы берілетінін айтты.
«Таяуда ғана еліміздің түкпір-түкпірінен келген халықаралық олимпиаданың биылғы жеңімпаздарын қабылдап, оларға 4,7 млн-ның сертификатын табыс еттім. Енді бұл балалар ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алып отыр. Осылайша,  біздің мемлекет дарынды балаларға қолдау көрсетуде. Бұл жұмыс жалғасын табады», – деді министр.