Елорда атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет емес - Қаржы министрлігі
Елорда атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет емес - Қаржы министрлігі
© inbusiness.kz
677
оқылды
Парламент елордаға  бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша қаражат қажет емес, – деп хабарлады Қаржы министрлігі. 
"Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", делінген хабарламада.
Бұл ретте  Қаржы министрлігі мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді", деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай оның елорда атауын өзгертуге қатысты ұстанымын мәлімдеген болатын.