Жол апаты 11 қыркүйек күні Сәтпаев-Некрасов көше қиылысында болды.
Жүк көлігін тізгіндеген 1960 жылғы жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп келе жатқан жасөспірімді қағып құлатқан. Оқиға орнынан тараған видеодан жүк көлігінің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтамағанын анық көруге болады.
Алайда жасөспірімнің қазіргі денсаулық жағдайының қалай екені белгісіз.
Себебі жапа шеккен жасөспірім оқиға орнынан кетіп қалған.
* Жүрегі әлсіздерге видеоны көрмеуге кеңес береміз.
«Жедел жәрдем тексеріп жатқан кезде жәбірленуші өзінің аты-жөнін айтпастан және ауруханаға бармастан оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл жағдай полиция қызметкерлері келгенге дейін болған. Қазір оқиға орны сызылып, көлік тұраққа қойылды. Жәбірленуші туралы мәліметтер болмауына байланысты, оқиға деректерін анықтау мақсатында тиісті іс-құжаттар жинақталуда», – деді Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.