Мәскеу округінің депутаттары Путиннен президенттік өкілеттігін тоқтатуды талап етті
Мәскеу округінің депутаттары Путиннен президенттік өкілеттігін тоқтатуды талап етті
© ria.ru
606
оқылды
Бұл жолы Мәскеу округінің депутаттары Путиннен президенттік өкілеттігін тоқтатуды сұрап отыр. Үндеуге мүмкін болатын бес адамның үшеуі қол қойған, – деп хабарлады orda.kz. Мәскеудің Ломоносов ауданының муниципалдық кеңесі президент Владимир Путинді отставкаға кетуге шақырды,  деп жазады «Новая газета».
«Сіздің көзқарастарыңыз, басқару үлгіңіз үмітсіз ескірген және Ресейдің адами әлеуетін дамытуға кедергі келтіретіндіктен, қызметті босатуыңызды сұраймыз», делінген үндеуде.  
Депутаттар Путин бірінші және «жартылай» екінші мерзімде «жақсы реформалар жүргізгенін» айтты, бірақ содан кейін «бәрі дұрыс болмай, кері кеткен».
«ЖІӨ екі еселенген жоқ, ең төменгі жалақы жарияланған көрсеткіштерге дейін көтерілмеді, ақылды және еңбекқор адамдар Ресейден жаппай кетіп жатыр, уәде етілген тұрақтылықтың ауылы алыс», дейді депутаттар.
Путин мен оның қол астындағылардың ұзақ уақыт бойы қолданып жүрген риторикасы «төзімсіздік пен агрессияға толы», бұл сайып келгенде, «елімізді қырғиқабақ соғыс дәуіріне қайта түсірді», дейді депутаттар.
«Жұрт Ресейден тағы да қорқып,  жек көре бастады, біз тағы да бүкіл әлемді ядролық қарумен қорқытудамыз», делінген үндеуде.
Айтпақшы, бұған дейін Санкт-Петербургтен келген бес депутат Путинге осындай ұсыныс айтқан болатын. Ал кейінірек, 9 қыркүйекте Санкт-Петербургте Смольный муниципалитетінің  бес депутаты ресейлік армияны «қаралау» туралы хаттамалар жасады (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 20.3.3-бабы 1-бөлігі). Бұл олардың  Мемлекеттік Думадан Ресей президенті Владимир Путинге Украинадағы соғыстың басталуына байланысты мемлекетке опасыздық жасады деген айыптауды талап еткенінен кейін болды.