Өңірлерден келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, көтерме ақы төленеді
Өңірлерден келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, көтерме ақы төленеді
© сурет интернеттен алынды
188
оқылды
Қостанай облысына басқа өңірлерден келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, көтерме ақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылы облысқа 265 дәрігер келген. Оның ішінде ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123 млн теңге көтерме ақы төленді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. «Былтыр облыс әкімдігі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымымен 350 медицина қызметкері үшін тұрғын үй сатып алу туралы келісім жасады. Нәтижесінде облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері басқа жақтан келген 146 маманды үймен қамтамасыз етті. Осы жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 8,8 млн теңгеге 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алады. Сол себепті жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз», – деді облыс әкімі. Жалпы 2020 жылы денсаулық сақтау саласына 3,7 млрд теңге қосымша бағытталды. Оның ішінде емханаларға 80 санитарлық автокөлік сатып алынады.